Осыған байланысты ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.
Алдағы күндері ел аумағында 43 градусқа дейін күн ысиды
5,514
оқылды

Қазақстанның азаматтық қорғау органдары жоғары дайындық режиміне көшті. Елде күн 43 градусқа дейін ысып, жаңбыр жаууы мүмкін, – деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

«Алдағы күндері елдің шығыс, солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарына атмосфералық фронталды бөліктер әсер етеді, найзағай ойнап, бұршақ жауады күшті жел тұрады. Қазақстанның қалған аумағы солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады. Осыған байланысты ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Бүкіл кезең батыста, 9-10 шілдеде Солтүстік-батыста, 10 шілдеде Қазақстанның орталығында +43 дейін өте күн қатты ысиды деп күтіледі», – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.