Павлодарда із-түзсіз жоғалған келіншек табылды

Павлодарда жоғалып кеткен 25 жастағы келіншек табылды.

Хабар-ошарсыз кеткен Әсем Тайлақовамен VITА еріктілері хабарласқан, – деп хабарлады Aikyn.kz. 

Іздеушілердің айтуынша, келіншек үйіне оралатынын айтқан. 

«Әсем Тайлақова хабарласты. Үйіне оралатын болды. Тәртіп сақшыларына көп рақмет!», – дейді еріктілер.

Бұған дейін Павлодарда 2 баласы бар келіншек жоғалып кеткені, оның үйінен кетіп бара жатқаны камераға түсіп қалғанын хабарлаған болатынбыз.