Қазақстанда бір күнде 1 000 сәби өмірге келді.
Мереке күні 1 000 сәби дүниеге келді
1,426
оқылды

Астана күні Қазақстанда 1 000 бала туылды. Оның 505-і қыз және 495-і ұл, оның ішінде 8 жұп егіз. Бұл туралы Aikyn.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Жаңа туған нәрестелердің саны бойынша Түркістан облысы рекордқа ие, өңірде тәулігіне 146 сәби дүниеге келді. Бала туу бойынша 2-орында – Алматы, мұнда 91 кішкентай азамат дүниеге келді. Алматы облысы мен Шымкент қаласының әрқайсысында 76 сәби өмірге келді.

Ақтөбе облысында бірден екі егіз туылды.