Оқиға 7 шілде күні кешке Степногор қаласының жергілікті абаттандырылған үйлерінің бірінде болды.
Ақмола облысында суицид жасамақ болған ер адам құтқарылды
818
оқылды

Ақмола облысының полицейлері көпқабатты үйдің төбесінен секірмек болған азаматты құтқарып қалды, деп хабарлады Polisia.kz.

Полиция бөлімінің кезекші бөліміне көрші пәтерде жанжал болып жатқаны туралы телефон арқылы хабарлама келіп түскен. Полицейлердің айтуынша, шақыру орнына келген олар 4 қабатты үйдің шатырының шетінде ер адам тұрғанын байқаған. Кезекші бөлімге хабарлағаннан кейін, полицейлер бірден шатырдың кіреберісі арқылы ойланбастан 4-қабатқа көтеріліп, ер адамды түсірген. 

Белгілі болғандай, ер адам мас болған және қызғаныш негізінде азаматтық жұбайымен қатты жанжалдан кейін оны осылай қорқытуға шешім қабылдағаны белгілі болды. Осы уақытта оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы келіп, ер адамды Степногор қаласындағы аймақтық психиатриялық ауруханаға жеткізді. Тексеруден кейін мамандар ер адамда суицидтік ойлар мен психикалық бұзылулар анықталмағанын хабарлады. 

Кейінірек полицейлер ер адамның жеткіліксіздік жағдайына байланысты пәтерінде жанжал туғызғанын білді, сонын барысында ол әйеліне дөрекі сөздер айтқан. Нәтижесінде, ер адамға қатысты отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы  1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, қорғау нұсқамасы шығарылды. Ер адаммен профилактикалық әңгіме жүргізілді.