Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.
Асқарбек Ертаев Көші-қон комитетінің төрағасы болып тағайындалды
777
оқылды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен Асқарбек Маратұлы Ертаев Көші-қон комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Асқарбек Ертаев 1977 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген.

«Нұр» Ақтөбе менеджмент, бизнес және құқық институтын, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімі аппаратының өнеркәсіп, көлік, байланыс, құрылыс және коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі II санаттағы маман болып бастаған.

2000-2014 жылдары банк саласында әртүрлі қызметте жұмыс істеді.

2014-2021 жылдары  ҚР Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің бас сарапшысы, басқарма бастығы, директордың орынбасары, Стратегиялық талдау және даму департаментінің директоры:

2021-2022 жылдары  – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚР Қауіпсіздік Кеңесі талдау бөлімінің сектор меңгерушісі.

2022 жылғы маусымнан бастап қазірге  дейін ҚР Үкіметі Аппараты экономикалық бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етті.