20 маусым күні Audi 100 көлігін тізгіндеген 19 жастағы жүргізуші Шәкәрім даңғылының бойында келе жатып рульді басқара алмай апатқа ұшырады.
Салдарынан жүргізуші есін жимастан, ауруханада қайтыс болды.
Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеудің өзге деректері жарияланбайды.