Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекараны демаркациялау процесі толық аяқталды.
«4 шілдеде Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы қазақ-өзбек мемлекеттік шекарасын демаркациялау туралы шарт күшіне енді. Шартқа 2022 жылдың 2 желтоқсанында Ташкентте екі мемлекеттің басшылары қол қойып, парламенттері ратификациялады. Осы шарттың күшіне енуі Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекараны демаркациялаудың 19 жылдық процесіне нүкте қояды», – деді Айбек Смадияров БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте.