Талапқа сай емес пандустың қажеті қанша?
Талапқа сай емес пандустың қажеті қанша?
310
оқылды
Nur Otan партиясының Ал­маты қалалық филиалында «Қол­жетімді орта» мемлекет­тік бағ­дарламасын және «Ке­дер­­гісіз келешек» партия­лық жо­басын іске асыру шең­бе­рінде Сыбайлас жем­қор­­­лық­қа қарсы іс-қимыл жөнін­­дегі пар­тиялық бақылау комис­­сиясының жиыны өтті. Бас­қосу­ды Алматы қаласы мәс­ли­ха­тының хатшысы, саяси кеңес бюросының мүше­сі Қал­­дыбай Қазанбаев жүргізді. Талқылау барысында ерек­ше қажеттілігі бар адамдар үшін көлік инфрақұрылымын, қор­шаған ортаны дамыту туралы проблемалық мәселелер кө­те­рілді. Осы жылдың 17 ақпанында партияның АҚФ жанындағы ҚКП жұмыс тобы «Сайран» авто­вокзалы, «Алматы-1» және «Алматы-2» теміржол вокзал­да­рының нысандары бойынша қоғамдық мониторинг жүргізді. Жұмыс тобының құрамына Ал­маты қаласы мәслихатының де­путаты, сарапшылар мен мүге­дектер, жастар, үкіметтік емес ұйым­дар мен мемлекеттік ор­ган­дардың өкілдері кірді. Мони­торинг кезінде нысандардың не­гізгі құрылымдық-функцио­нал­­дық аймақтарына тексеру жүр­гізілді. Қорытынды бойын­ша бір­қатар нормативтік талап­тарға сәйкес келмеушілік анық­талды. Жиында жұмыс тобы анықталған сәйкессіздіктерді жою жөнінде тиісті шаралар қабылдап, ұсыныс­тар енгізді және ақпаратты 2020 жылдың 1 қазанына дейін табыс етіп, осы жылдың IV тоқсанында партияның АҚФ ҚКП мәселесін қайталап қарастыру қажеті ай­тылды. Сондай-ақ отырыс ке­зінде «Сайран» автовокзалы да сынға алынды. – Бүгінде «Сайран» авто­вок­залында 3 жылдан бері қайта қал­пына келтіру жұмыстары жүр­гізілуде. Мүмкіндігі шектеулі жан­дарға арналған мәселелерді шешу­мен де айналысып жатыр­мыз. Бұрынғыға қарағанда біраз жұмыс істелді. Әлі де түзе­тетін кем-кетік­тері бар. Олқы­лық­тарды ретке келтіру үшін 1 қазан­ға дейін уа­қыт берді, – дейді «Сайран» автовок­за­лының тасы­малдау бөлімінің бастығы Ерлан Әбілдаев. Altyn time қоғамдық бірлес­­тігінің төрағасы Саят Омар­ғалиев ғимараттарға кіріп-шығу­дың өзі мүмкіндігі шектеулі жан­дарға қиыншылық тудырып отырғанын жеткізді. Жиынға қатысушылар бұл олқылықты ретке келтіру керек екенін айтты. – Басқосуда өзімізді мазалап жүрген сұрақтарды қойдық. Қа­на­ғаттанарлықтай жауап алдық. Уәде берілді. Оны іске асыру ал­дағы уақыттың ен­ші­сінде. Жал­пы, қоғамдық орын­дарда мүм­кіндігі шектеулі жан­дардың жүріп-тұруына ыңғайлы жағдай 5-10 пайыз ғана жасалған. Қал­ғаны өкінішке қарай, жаса­лып тұрған секілді, бірақ қолай­сыз. Әлі де жақсартатын тұстары көп. Мүгедектерге арналған пан­дус­тардың басым бөлігі тік ор­на­ласқан әрі тайғанақ. Алматы қала­сында өткен жылдан бері жаңа ав­то­бустар пайдалануға берілді. Олар­дың бәрі қазіргі талап­тарға сай, ыңғайлы автобус­тар. Дегенмен автобус аялдама­ла­рында мүгедектің арбасымен автобусқа отыруға қолайлы жағ­­дай жасалмаған. Бұл жерде адами фактор де үлкен рөл ат­қарады. Жүргізушілердің көбі тиісті орынға тоқтамай, өтіп ке­теді. Пандустарын шығарып, мүм­кіндігі шектеулі жандардың автобусқа отыруына қолайлы мүмкіндік жасамайды, – деді Саят Омарғалиев. Уәкілетті органдар кемшілік­терді түзетуді қамтамасыз ету үшін орындалған жұмыстардың сәйкестігіне қайта мониторинг жүргізеді. Нормаларға сәйкес ны­­сандарды бейімдеу жөніндегі жұмыстардың қызметін лицен­зиялау, мамандандырылған ұйым­­дардың функцияларын іске асыру және жүргізілген жұмыстар белгіленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайда жұмыстарды жүзеге асыру құқықтарынан айыру туралы ұсынымдар пар­тия­ның орталық аппаратына жол­данылуы қажет. Отырыс қоры­тын­дысы бойынша ҚПК мүшелеріне бір­қатар тап­сыр­ма­лар берілді.    width= Гүлнар ТӘЖИЕВА