Қазақстанда былтырмен салыстырғанда пәтерлерді жалға алу бағасы 26,8%-ға өсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Баспананы жалға алу құны қымбаттады
2,935
оқылды

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биыл маусымда Қазақстанда қайталама нарықтағы пәтер бағасы 2022 жылғы маусыммен салыстырғанда 1,9%-ға, ал жаңа тұрғын үйлерді сату 5%-ға өсті. 

Zakon.kz-тің хабарлауынша, жаңа пәтер құны Павлодарда (+18,1%), Ақтауда (+18%) және Семейде (+16%), қайталама нарықта – Семейде (+29,9%), Ақтөбеде (+22,4%), Қызылорда (+19%) мен Қостанайда (+18,8%) өсті.

Жалға берілетін тұрғын үйге келетін болсақ, оның бағасы бір жыл ішінде көбінесе, Көкшетауда (+45,5%), Петропавлда (+41,5%), Ақтауда (+41,1%) және Алматыда (+38,8%) қымбаттады.

Маусым айында республика бойынша тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 29 880 мәміле тіркелді. Оның ішінде, 21 993 пәтер және 7 887 жеке тұрғын үй. Мамырмен салыстырғанда транзакциялар саны 16,8%-ға өсті. Басым көпшілігі Алматы мен Астанада тіркелді. Қазақстанда көбіне екі бөлмелі пәтер сатады. Жалпы, жыл ішінде тұрғын үйді сатып алу-сату мәміле саны 3,7%-ға қысқарды.

Фото: azh.kz