Президент қаланың инженерлік инфрақұрылымын дамыту коммуналдық кәсіпорындарды басқаратын лауазымды тұлғалардың кәсібилігіне байланысты екенін айтты.
Тоқаев: «Елордада ЖЭО-ны – заңгер, Жылутранзитті – агроном, қалалық су арнасын – зоотехник басқарады»
1,139
оқылды

Елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әркім өзі кәсіпқой болып саналатын кәсіппен айналысуы керектігін айтты.

«Өткен жылыту маусымы елорда үшін жылу қуатының зор тапшылығымен өтті. Негізінде жылы қыстың арқасында коллапстан жалтара алдық. Бұған қоса жергілікті билік шын мәнінде оларды қалыпты жылумен қамтамасыз етуге дайын емес бола тұра миллиондаған шаршы метр тұрғын үйдің құрылысына жәрдемдесуді жалғастыруда. Қаланың инженерлік инфрақұрылымын дамыту көбіне коммуналдық кәсіпорындарды басқаратын лауазымды тұлғалардың кәсібилігіне байланысты», – деді Президент.

Мемлекет басшысы елорда әкімі Жеңіс Қасымбекке қаланың коммуналдық кәсіпорындарының басшылық құрамына талдау жүргізу тапсырылғанын айтты.

«Бұл тапсырма, менің түсінуімше, әлі де орындалу сатысында тұр. Елордада ЖЭО-ны – заңгер, Өңірлік электр желілік компанияны – бағалаушы, Жылутранзитті – агроном, қалалық су арнасын – зоотехник басқарады. Әркім өзі кәсіпқой болып саналатын кәсіппен айналысуы керек екеніне нық сенімдімін. Олай болмаған жағдайда жұмыс нәтижелері соған сәйкес болады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.