Тұрғындар көгілдір отын күтіп отыр
Тұрғындар көгілдір отын күтіп отыр
302
оқылды
Nur Otan партиясының Алм­а­тыдағы Алатау ау­дан­­дық филиалына осы ау­дан­ның Мәдениет-Рахат ық­ша­мау­даны тұрғындары халықты газбен қамтамасыз ету мәсе­лесі бойынша хабар­ласқан болатын. Бұл ық­шамаудан құрылыс жұмыс­тары қар­қын­ды жүргізіле бастаған 2011 жылдан бері газға қо­сыл­маған. Қазіргі таңда ық­ша­мауданда 1 460 үй бар. Онда 4 500-ден астам адам тұра­ды. Оның ішінде балалар, зей­нет­керлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар да бар. Партияның Алатау аудан­дық филиалында Алматы қа­ласы энерготиімділік және инфра­құрылымдық даму бас­қар­масы мен «Алматыгаз» ЖШС өкілдерінің қатысуымен магистральдік газ құбырын тар­ту мен оны абоненттерге қосу мәселесін шешу бойынша қабыл­дау ұйымдастырылды. Магис­тральдік газ құбырын тарту биыл­ғы қаңтар айында аяқталды. Бү­гінде құбырдың беріктігін тек­серу жұмыстары жүргізілуде. Содан соң тұрғын үйлерге газ тар­ту жұмыстары басталады.
– Мәдениет-Рахат ауылы­ның орталығына бұрын газ тар­тылған. Алатау ауданына 2014 жы­лы қосылды. Содан бері ауыл үл­кейді. Жаңа үйлер бой көтеріп, тұрғындар саны артты. Қа­зіргі таңда бұл ауылда біраз қор­да­ланған мәселе бар. Ол электр энер­гиясына, газдан­дыруға, жол­ға, ауызсумен қамта­масыз етуге бай­ланысты. Электр энер­гия­сын жекеменшік компа­ниядан ала­мыз. Өзгелер килова­тына 19 тең­геден төлесе, бізге 27 тең­геден төлеуге тура келіп тұр. Сондай-ақ қызмет көрсеткені үшін айына қосымша 600 теңге төлейміз. Суды да жеке ұң­ғы­мадан аламыз. Судың сапасы жақсы, бірақ ұңғымадан алатын болған соң жаз айларында су жетпей қалады. Қалай сәуір айы келеді су тапшылығы сезіле бастайды. Адамдар бау-бақшасын да суарады. Содан тамыз айына дейін су тапшылығына ұшырай­мыз, – дейді тұрғын Қатира Төлегенова.
Қатира Күздеуқызының ай­туынша, ауыл тұрғындарының газ мәселесімен жүгіргеніне 4-5 жыл болған. Мәселе енді ғана ше­шімін таба бастапты. Алматы қаласының мәслихат депутаты Фарида Мерхамитқызы бұл істі қа­дағалауына алған. Ол газдандыру мәселесін жіті бақылауда ұстап отыр. Тұрғындар көмір жағып, күл шығарып, биылғы қыстан да шықты. Магистральдік құбырлар жүргізілді. Енді таяу мерзімде үй­лерге газ берілсе, тұрғындар үшін үлкен мереке сол кезде болмақ.   Г.ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ