Мемлекет және қоғам қайраткері, экс-депутат Серік Әбдірахманов елімізде шенді лауазымдардың бәрі сатылатынын жайып салды.
Генералдың бағасы 3 миллион доллар: Серік Әбдірахманов шенді лауазым сатылатынын айтты
1,398
оқылды

Ол Abay Live YouTube-арнасына берген сұхбатында барлық қызмет орны саудаланатынын жеткізді.

"Қазақстанды кім тонады? Әкімдер тонады, министрлер тонады. Генералдардың бәрі миллардер. Санаулы ғана генералдар адал, таза. Қалғандарының бәрі бай. Ескі Қазақстан кезінде генералдың атағы 1 миллион доллар тұратын. Қазір әжептеуір хабары бар, осы салаға жақын жүргендер айтады: «генералдың бағасы 3 миллион долларға көтеріліпті». Барлық қызмет орны сатылады. Өте бай, май шелпекке бататын әкімдер Атырау, Ақтөбе 3 миллион долларға броньдап баратын, қазір енді 5 миллионға баратын шығар", — деді экс-депутат