Қазақстандық екі боксшы допингке байланысты жарыстан шеттетілген болатын
Мырзағали Айтжанов боксшылардың допинг дауына байланысты пікір білдірді
1,115
оқылды

Бокстан Қазақстан ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов боксшылар Саматәлі Төлтаев пен Серік Абзалдың тыйым салынған препараттарды қолданғанына байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды sportpress.kz

- Бұл өзі бұрын болған жағдай. Неге десеңіз, тыйым салынған препараттар адамның азғасында 3-4 ай, кейде бір жылға дейін болады. Қаңтар айында Ұлттық допингке қарсы орталығы Саматәлі Төлтаев пен Серік Абзалды допингке тексергенде олар сынамадан өте алмаған, — деп бастады сөзін бас жаттықтырушы.

- Сіз ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы болып осы жылдың басында тағайындалған едіңіз. Демек, сізге дейін болған ғой.

- Иә, солай болып тұр. Бізге дейін болған. Ол кезде ұлттық құрамада ғылыми топ болмаған. Спортшылар ережені сақтамай жүре берген. Өзім білемін деп жүрген. Үйде витамин ішсе, ол жарты жылдан кейін, кейде бір жылдан кейін адам ағзасынан шығады.