Талдықорған қаласында учаскелік полиция қызметкерлері 30-ға жуық сауда орнын заңсыз тексеруге жол берген. Прокурорлық қадағалау актілері бойынша 13 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды
Талдықорғанда полицей 30-ға жуық сауда орнын заңсыз тексерген
909
оқылды

Талдықорғанда учаскелік полиция қызметкерлері 30-ға жуық сауда орнын заңсыз тексеруге жол берген. Прокурорлық тексеру барысында Жетісу облысында 2 мыңға жуық кәсіпкердің құқығы қорғалды.

«Бақылаушы мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттерінен 2 мыңға жуық кәсіпкердің құқығы қорғалды. Мысалы, салық органдары мыңнан астам жеке кәсіпкерге заңмен қарастырылмаған шектеу шараларын (салық бұйрығы) қойған. Қадағалау актісі негізінде олар заңсыз деп танылып, күші жойылды», - деді Жетісу облысының прокуроры Мадияр Басшыбаев.

Талдықорған қаласында учаскелік полиция қызметкерлері 30-ға жуық сауда орнын заңсыз тексеруге жол берген. Прокурорлық қадағалау актілері бойынша 13 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Прокуратураның базасында құрылған «Мобильді топтар» кәсіпкердің құқығын бұзу жайлы 33 сигналды қабылдап, олар бойынша тиісті шаралар қабылдады. Топ қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында арнайы «мобильді қосымша» әзірленіп, ол көпшіліктің назарына ұсынылды.