Суға кеткен бір баланың денесі әлі күнге дейін табылмай жатыр.
Атырауда жыл басынан бері 10 адам суға кетті
810
оқылды

Шомылу маусымы басталғалы бері қайғылы жағдайлар Атырау қаласында, Қызылқоға, Құрманғазы аудандарында тіркеліп отыр.

«10 маусым күні Атырау қаласында Жайық өзенінде 2003 жылы туған жігіт батып кетті. Статистика  ересектердің көп жағдайда  қауіпсіздік ережелерінің талаптарын орындамау, мас күйде суға шомылу және өз күшін асыра бағалау  салдарынан суға кетіп жатқанын көрсетіп отыр. Балалардың қазасына  ата-ана, туыстарының қараусыз қалдыруы себеп болуда.

Сондықтан, тұрғындарды  рұқсат етілмеген жағажайларда суға шомылмауға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз», – дейді Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығының орынбасары А. Ержанов. 

Еске сала кетейік, былтыр Атырауда 8 адам суға батып мерт болған. Биыл  суға кетіп, құрбан болғандардың саны 10 адамға жетіп отыр.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Фото: daytimenews.ru