«Қазгидромет» синоптиктері 13-15 шілде аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады.
Алдағы күндері Батыс циклоны Қазақстан аумағы арқылы жылжыған сайын еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен бұршақ жауып, найзағай жарқылдайды, қатты жел тұрады.
14-15 шілдеде солтүстік-батыста, 15 шілдеде еліміздің солтүстігінде қатты жаңбыр жауады.
Республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Бүкіл кезең шығыста, 13 шілдеде – оңтүстікте, 13-14 шілдеде – солтүстік-шығыста, оңтүстік-шығыста, орталықта – 45 градусқа дейін өте қатты ыстық сақталады.
Күндізгі ауа температурасы солтүстікте және орталықта +30°С дейін, оңтүстік және оңтүстік-шығыста +30+37°С дейін көтеріледі, еліміздің батысында негізгі фон +25 + 35°С болады.