Күдікті ретінде Ресей Федерациясының 61 жастағы азаматының тұрғылықты мекенжайына тінту шаралары жүргізілген.
Жамбыл облысында есірткі өндіретін фитолаборатория анықталды
709
оқылды

Жамбыл облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Таразда есірткі өндіретін фитолабораторияның жұмысын тоқтатты, – деп хабарлады Polisia.kz. 

Тексеру барысында бақшада көлік шинасынан 4 каннабис бұтасы табылды. Сондай-ақ, қызметкерлер фитолабораторияға айналдырылған моншаны анықтады. Ол жерден 2 каннабис бұтасы табылған. Оған қоса, үйдің әр жерінен кептірілген марихуана есірткі заттары табылды.

Арнайы операция барысында жалпы салмағы 2400 грамм каннабис өсімдіктерінің 6 бұтасы, 113 грамм кептірілген марихуана тәркіленді.

«Ұсталған адам өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы 1-бөлігімен, яғни, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді егу, өсіру, қарасора, көкнәр немесе құрамында есірткі заттары бар басқа да өсімдіктердің сорттарын өсіру бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Аталған бап 2 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл түріндегі жазаны көздейді немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарымен, болмаса 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартумен не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеумен не айырумен жазаланады», – деп хабарлады Облыстық полиция департаменті ескірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.