Оралда 76 жастағы ер адам «УАЗ» көлігімен көше сыпырып жүрген адамды қағып кетті.
76 жастағы ер адам көше сыпырып жүрген жұмысшыны қағып өлтірді
2,077
оқылды

Ол жолын кескен басқа бір көліктен ығыспақ болғанда көпір үстіндегі адамды көрмей қалғанын айтып ақталып отыр. Бұл туралы Aikyn.kz AstanaTV-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Ауыр техниканың астында қалған азамат сол жерде қаза тапты. Полицияның дерегінше, марқұм қалалық коммуналдық кәсіпорында жұмыс істейді. Кәсіпорын басшылығы оның отбасына көмек көрсететінін жеткізді. Айтуынша, 64 жастағы азамат былтыр зейнетке шығып, мекемемен еңбек келісімшартын биыл күзге дейін ұзартқан.

БҚО ПД баспасөз қызметкері Лунара Аманғалиева: «Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Аталған азамат жол пайдалану кәсіпорнының қызметкері екені анықталды. Қазір осы жол-көлік оқиғасына тиісті сараптама тағайындалады», – деді.