Күдіктіге халықаралық іздеу жарияланған.
Есірткі сатты деген күдіктіні Германиядан Астанаға алып келді
910
оқылды

Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі аса ірі көлемде есірткіні заңсыз сақтағаны және өткізгені үшін іздеуде жүрген азаматты экстрадициялау туралы Қазақстан Бас прокуратурасының өтінішін қанағаттандырды. Бұл туралы Aikyn.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап хабарлайды. 

Күдікті қылмысты 2020 жылы Астанада жасаған. Содан кейін оған халықаралық іздеу жарияланған.

Бүгін Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапқа тарту үшін Қазақстанға экстрадициялады.

Қазір  ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Қылмыс жасағаны дәлелденсе, ол 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.