Екі-үш күнде жаңбыр жауады

«Қазгидрометтің» мәліметінше, алдағы күндері Қазақстандағы ауа райына Қара теңіз циклоны әсер етеді.

Келе жатқан циклон елдің көп бөлігінде күннің жаңбырлы болуына ықпал етеді. Найзағай жарқылдап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады. Батыс, солтүстік-батыс және солтүстікте нөсер жаңбыр жауады. 

Солтүстікте ауаның температурасы +20+25 градустан +25 + 33 градусқа дейін, солтүстік-батыста +18+30 градустан 25+33 градусқа дейін, орталықта +25+33 градустан +32+39 градусқа дейін, оңтүстікте +25+35 градустан +35+42 градусқа дейін көтеріледі.

Елдің батысында ауа температура +22+35 градусқа дейін, ал шығыста +27+35 градус болады.

Оңтүстік-шығыста температура өзгермейді.