Несие жыры неше жылға созылады?
Несие жыры неше жылға созылады?
304
оқылды
«Саудагер қашты бұл ел­ден, несиесін жия алмай». Әрине, Абай атамыз айтқан ол несиемен бұл несиенің айыр­­машылығы басқа. Де­ген­­мен қоғамда несие та­қырыбы туралы сөз бола қал­­са, «қазақстандықтар қа­­рыз­ға белшеден батып жа­тыр әрі оған себепкер та­ғы да өздері» деген сы­ңай­­­дағы сыңаржақ пікір­лер жиі ай­ты­ла­тыны жасы­рын емес. Рас, қарыз алу мен қайтару­дың да өзіндік мәдениеті, тәртібі бар. Бұл тұрғыда несие рәсімдеу ісі жалғыз біздің елде емес, әле­м­нің көптеген елінде арнайы қа­­ржылық жүйе ретінде жұмыс іс­тейтінін айта кеткен жөн. М­ә­се­­лен, Ұлттық банктің ста­тис­ти­ка­сына (2019 жылғы) сүйе­нсек, Қа­зақстандағы тұтыну қарызы порт­фелінің ЖІӨ-ге шаққа­н­дағы көрсеткіші 7% құрайды. Ал аталған көрсеткіш көрші Ресейде – 14,3% тең. Сондай-ақ Польшада – 30% маңайында, Германияда – 40%-дан, АҚШ-та 85%-дан жоғары. Десе де, біздің елдің тұрғын­дарының несие алуға деген көз­қарасы өзгерек. Қазақстанда алғаш несие рәсімдеп тұрғандар екі категорияға бөлінеді. Алғаш­қысы – кәмелетке жаңа толған жастар, төлқұжатқа қолы жетіп, жұмысқа енді орналасқандар. Екіншілері – егде тартқандар, олар негізінен 45-50-ден жоғары жастағылар бала-шағасына бас­пана әперу үшін қалған ғұмырын кепілдікке қойып, ипотека рә­сім­дейтіндер. Себебі респуб­ликада тұрғын үй несиесіне сұраныс өте жоғары. Мысалы, 2019 жылы 891 млрд теңге к­ө­лемінде 98,3 мың ипотекалық ке­лісімшарт жасалыпты. Қазақ­стан­ның Бірінші кредиттік бюросын­дағы мәліметтер база­сында 55,6 млн несие келісім­шарты жасалғаны туралы ақ­парат бар. Ресми статистикаға сүйенсек, еліміздің эконо­ми­калық белсенді тұрғында­рының саны – 9,23 млн адам. Олардың 19%-ының (1,7 млн азамат) ғана мойнында несие жоқ.  

АЛУ ОҢАЙ, ҚАЙТАРУ ҚИЫН

Шын мәнісінде несиені қай­тар­мау мен қайтара алмаудың айырмашылығы жер мен көктей. Оның себебі туралы көп жазуға болады. Дегенмен қарыз қысқан жұртшылықтың жағдайы қиын­дап кеткен соң былтыр Прези­дент Қ.Тоқаев кредитке амнистия жа­риялаған. Нәтижесінде, ел бо­ры­шынан  құтылып, банктер жо­ғалт­қаны орнына келіп бір жел­пініп қалғандай болды. Несиені кешіру демекші, Пре­зидент тапсырмасы екі бағытта жүр­гі­зілгені белгілі. Кепілсіз тұ­ты­ну несиесі бойынша негізгі қа­рызды өтеу және айыппұл мен өсімпұлды алып тастау. Қаржы нарығын реттеу және да­мыту агенттігінің мәліметінше, бі­рінші бағыт негізінде 2020 жыл­дың 1 ақпанына дейін 554 мың азаматтың 115 млрд теңгесі өтел­ген. Кешірілген кредиттің жалпы сомасының 18% ал­матылықтарға тиесілі болса, Түркістан облысы­ның тұрғындарына – 22% және шым­кенттіктерге – 5%-дан келген. Ал айыппұл мен өсімпұл (екін­ші бағыт) кешірімінің игі­лігін 1,2 млн азамат (33,6 млрд теңге) көріпті. Жо­ғарыдағы қарыз соманың 70% креди­торлар есе­бі­нен алынып тас­тал­са, Ұлт­тық банк 30% шығынды жапқан. Мұн­дағы үлестің үлкенін де (жалпы соманың 21%-ы) Алматы қала­сы­ның тұрғындары көріпті. Сондай-ақ елор­далықтар – 10%, шығыс­қазақстан­дық­тар – 8% және Алматы облысының халқы – 7% қамтылған. Сондай-ақ биылдан бастап банктерге 90 күннен асып кеткен қарызға өсімпұл салуға тыйым салынды. Алайда несие амнистиясы бір жолғы шара. Үкімет кредитті үне­мі жаба бермесі анық. Осыған орай, Ұлттық банк барлық не­сие­лік ұйымдар үшін қарыз алу­шы­ның төлем қабілетін бағалаудың жаңа талаптарын енгізді. Яғни, енді адам табысының 50% -дан астамы барлық қарызды өтеуге бағытталады. Егер төлемге жұм­сал­ған қаражат 50% табыс көле­мінен асып кететін болса, ол адамға несие беруден бас тарту көзделген.  

Бірінші кредиттік бюроның де­ре­гінше, 2020 жылдың басында бөл­шек несие портфелі 7,4 трлн теңге болды. Ипотека 1,97 трлн теңге, авто­кредит – 561 млрд тең­ге, кепілден­ді­ріл­ген тұты­ну не­сие­сінің көлемі – 698 млрд және кредиттік карта несиесі 90,4 млрд теңгені құраған. Кредиттік карта де­мекші, 2019 жылдың аяғын­да қазақ­стандықтар 5,3 млн кредиттік карта ұстап жүргені ­бел­гілі болды. Мұны эко­номи­калық белсенді халық санына (9,2 млн адам) шақсақ, едәуір үлкен көрсеткіш. Демек, несие алу үрді­сіне тоқтам жоқ.

 

НЕСИЕ НЕСІБЕ БОЛА МА?

Әдетте, қарызды ақшасы жет­пеген адам сұрайды. Бірақ пси­хо­логтар мә­селені кредитпен шешу әдетке ай­налса, соңы жақсылыққа апармай­ты­нын айтады. Биылғы қаңтар айының өзінде қазақ­стан­дық банктер халыққа 346 млрд теңге тұтыну несиесін берген. Оның 320 миллиарды ұзақ мер­зімге рәсімделсе, 25 миллиарды қысқа уа­қыт­қа деп алыныпты. Бұл қаржыны өңір­лерге шақсақ, жылдың жаңа не­сиесінің көп бөлігі (38%) Алматы тұрғындарына 131 млрд теңге берілген, нұр-сұл­тандықтарға – 30 млрд теңге (9%), шымкенттіктерге – 24 млрд тең­ге (7%), қарағандылықтарға – 24 млрд теңге (6%). Ал қысқа мерзімге алынған тұтыну несиенің үлесіне келсек, 472 млн тең­гесін Алматы тұр­ғын­дары рәсімдепті, Алматы облы­сы­на – 17 млн теңге, СҚО – 15 млн теңге, Ақмола облысы­на –11 млн теңгеден айналады. Бірінші кредиттік бюроның де­ре­гінше, 2020 жылдың басында бөл­шек несие портф елі 7,4 трлн теңге болды. Ипотека 1,97 трлн теңге, авто­кредит – 561 млрд тең­ге, кепілден­ді­ріл­ген тұты­ну не­сие­сінің көлемі – 698 млрд және кредиттік карта несиесі 90,4 млрд теңгені құраған. Кредиттік карта де­мекші, 2019 жылдың аяғында қазақ­стандықтар 5,3 млн кредиттік карта ұстап жүргені белгілі болды. Мұны эко­номи­калық белсенді халық санына (9,2 млн адам) шақсақ, едәуір үлкен көрсеткіш. Демек, несие алу үрдісіне тоқтам жоқ. Қазақстан қаржыгерлер қа­уым­дастығы төрағасының бірінші орын­ба­сары Ирина Кушна­ре­ваның айтуын­ша, азаматтарға ең алдымен керегі – қаржылық сауат. Несие алған адам саналы түрде оны қайтару керек еке­нін ұғынып, отбасына, жақындарына қиын­дық тудыр­майтынына жауапты болуы керек.  

ТАБЫСЫ АЗ АДАМ – НЕСИЕГЕ ТӘУЕЛДІ 

Статистика комитеті 2019 жыл­дың қорытындысы бойынша медианалық және модальды жалақы көрсеткішін жариялады. Оған сүйенсек, жұмыспен қам­тыл­ған қазақстандықтардың жар­тысы (3,3 млн) 112,2 мың теңгеден аз жалақы алады яғни жалақының ме­дианалық мәні осынша. Ме­диа­налық жалақы дегеніміз, шы­найы орташа жалақының есептеу тәсілі. Қаржы саласының ма­мандары Қазақстанда медиа­на­лық жалақы көлемі статис­тикалық ұйымдар көрсететін орташа ай­лық көрсеткішінен 15-30 пайызға төмен екенін айтады. Яғни, бір жыл ішінде медианалық жалақы 5,6%-ға (+5,9 мың теңге) ұлғай­ған, бұл кезең­де жылдық инфля­ция көрсеткіші 5,4%-ды құрады. Бұдан шығатын қарапайым қо­рытынды: қазақстандық жала­қының нақты сатып алу қабілеті 2018 жылғы деңгейде қалды. Айта кетейік, Қазақстанда ор­таша жалақы өткен жылдың қо­рытындысы бойынша 203,9 мың теңге деп белгі­лен­ді. Бұл ме­диа­налық жалақы көрсет­кішінен екі есе жоғары. Демек, орташа және медиана­лық жалақы арасындағы алшақ­тық неғұр­лым үлкен болса, жала­қының теңсіз­дігі соғұрлым күшті болады және жалақысы төмен жұмысшылардың үлесі неғұрлым жоғары болады. Өңірлер бойынша да медиа­налық және орташа жалақының көрсеткіші әртүрлі. Мәселен, Нұр-Сұлтанда 2019 жылы орташа жалақы 308,1 мың теңге болса, медианалық жалақы көрсеткі­ші – 48,9%-ға аз, 157,4 мың теңге. Ал­матыда алшақтық – 43,1% (248 мың және 141 мың теңге). Айыр­машылық көрсеткіші бойынша алдыңғы үштікке Жамбыл (67,4%), Павлодар (67,4%) және Солтүстік Қазақстан (66,8%) облыстары кірген.    width=Бауыржан БАЗАР