Жемқорлықтан жарыс
Жемқорлықтан жарыс
734
оқылды
Сыбайлас жемқорлық – қо­ғам дерті. Онымен күрес жүр­гізіліп жатыр. Бұл іс нәти­жесін бергенімен, бұл індет азаяр емес. Оны біз 2019 жыл­­ды қорытындылаған Сы­­бай­­лас жемқорлықпен күрес агенттігінің есебінен аңғар­ғандаймыз. Бұл жылы да ал­ғашқы орындарды Ішкі істер, Қорғаныс, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ауыл шаруашылығы ми­­нис­трлігі өзара бөліскен. Бұл нені біл­діреді? Әлде, біз­­де себе­бімен емес, тек сал­дарымен күрес жүр­гізіле ме? 2019 жылы Қазақстан Пре­зи­денті Қасым-Жомарт Тоқаев­тың төрағалығымен өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәс­елелері жөнінде кеңе­­сте Мем­лекет басшысы елі­мізде жем­қор­лықтың дендеп кет­кеніне алаң­даушылық біл­діріп, мұның қо­­­ғам­ға қауіпті дерт екенін ай­тқан болатын. – Жыл сайын Қазақстанда ­о­­рташа есеппен 2 мыңнан астам сыбайлас жемқорлыққа қатысты қы­лмыстық іс тіркеледі. Мың­нан аса адам жауапқа тарты­лады. Бұл – батпандап кіріп, мысқал­дап шығатын кесел. Осы ауруды қазір шұғыл түрде ем­демесек, ер­тең кеш болуы мүмкін, – деді Қа­зақстан Пре­зи­денті. Қасым-Жомарт Тоқаев жем­қорлықтың ұлттық қауіп­сіздік пен мем­лекет­тің бола­­шағына нұқсан келтіреді, сон­дықтан оның тамырына балта шауып, түбегейлі жою қажет. Бұл дерт­пен «бір жеңнен қол, бір жа­ға­­дан бас шығарып», бірлесіп кү­ресу керек еке­ніне де тоқтала кет­ті. Иә, дерт қауламау үшін тү­бірімен шабу керек. Әйтпесе, ол асқынып кетеді. Өткен жыл­ғы көрсеткіш 2018 жылға қара­ған­да азайған. Бірақ алдыңғы жыл­дары да алғашқы лекте жүр­ген ми­нистр­­ліктер бұл жолы да өз орын­дарын алмастырып қана қо­й­ған секілді.  

Статистика не дейді?

Құқықтық статистиканың д­е­ректері бойынша, 2019 жылдың 12 айында сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталғандар саны 1 002 адамға жеткен. Бұл 2018 жылдың деңгейінен 7%-ға төмен (1079). Бір жылда сыбайлас же­м­қорлық қылмыстары үшін орт­а­лық мемлекеттік органдарының ме­кеме­­лері мен ұйымдарының 515 қыз­­метшісі, жергілікті атқа­ру­­шы органдарының мекемелері мен ұйымдарының 261, 37 кв­аз­и­­­­ме­м­­ле­кеттік және басқа қыз­мет­тің 189 тұлғасының ісі сотта қа­ралды. Орталық мемлекеттік ор­­ган­дардың арасында сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін ішкі істер орган­дарының (297), Қаржы (49), Қор­ғаныс (28), Индустрия және инф­рақұры­лым­дық даму (21), Ауыл ша­ру­а­шы­лығы министр­ліктерінің (19) қыз­­ме­ткері сотталды.    width=

Қай министрлік қай орында?

Ішкі істер министрлігі. Ал­ғашқы орында көрінген Ішкі істер министрлігінің қызметінде: по­лиция – 252, қылмыстық-атқару жүйесі – 27, ТЖ бөлімшелері – 13, Ұлттық ұланның 5 қызметкері жемқорлық жасаған. Пара алу – 140, қызмет бабын пайдалану – 82, өкілеттігін теріс пайдалану – 34, билік пен лауазымдық өкілет­тік­терін асыра пайдалану – 16, пара беру – 8, қызметтік жалғандық – 8, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету – 4, парақорлыққа делдал болу – 2, заң­сыз ойын бизнесін ұйым­­дастыру – 2, қызметтегі әрекет­сіздік – 1. Ішкі істер органдарының тер­геушілері – қорқытып алушылық және қылмыстық жауаптылыққа тартпағаны, учаскелік инспек­тор­лар – бұрын сотталған адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тар­т­пау және пробациялық бақылауды жеңілдету, жол-патрульдік поли­ция инспекторлары – жол қоз­ғалысы ережелерін бұзған жағ­дайда, әкімшілік жауаптылықтан босатқаны, пенитенциарлық жү­йенің қызметкерлері – соттал­ғандарды ұстаудың «жеңілдетілген» жағдайларын қамтамасыз еткені үшін (телефон кіргізу, жұмысқа орналастыру, тыйым салынған заттарды алып өту), облыс аума­ғынан тыс жерлерге шығу үшін пробациялық бақылауда тұрған адамдардың құжаттарын жедел ресімдегені, төтенше жағдай бө­лімшелерінің қызметкерлері – жұмысқа орналасу кезінде жалпы қамқорлығы үшін, шара қолдан­бағаны үшін (өрт қауіпсіздігі та­лаптарын бұзғаны үшін ұйым­дардың, өндірістердің, өндірістік учаскелердің қызметін тоқтата тұру) пара алу қылмыстарын жа­са­ған. Қаржы министрлігі. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының саны бойынша орталық мемлекеттік органдар арасында Қаржы ми­нистрлігі екінші орында тұр. Мем­лекеттік кірістер органда­рының лауа­зымды тұлғалары жасаған сы­байлас жемқорлық қылмыс­тарын зерделеуден, олардың ба­сым бөлігінің Алматы қаласы – 10, Алматы облысы – 9, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарына – 5-тен, Шымкент қаласы, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарына – 4-тен, Жамбыл және Батыс Қа­зақ­стан облыстарына – 3-тен, Пав­­­лодар және Қарағанды облыс­та­рына 1-ден тиесілі екеніне көз жеткіздік. Қылмыс түрлерінің бөлінісінде пара алу фактісі басым. Салық ор­ган­дарының 15 қызметкері пара ал­ған, 8-і – алаяқтық жасаған, 2-еуі – қызметтік өкілеттігін теріс пай­даланғаны, 1-еуі – қызметтік жал­ғандық жасағаны үшін сот­тал­ған. Кедендік бақылау қыз­мет­кер­ле­рінің 9-ы – пара алған, 3-еуі – алаяқ, 2-еуі – экономикалық контрабанда үшін сотталған.  Эко­но­микалық тергеу қызметі қыз­мет­керлерінің 3-еуі – пара алған­дары, 2-еуі – лауазымдық өкілет­ті­гін теріс пайдаланғаны, 1-еуі – алаяқ­тық үшін сотталған. Ішкі мем­лекеттік аудит қызмет­кер­лері­нің 2-еуі – пара алғандары, 1-еуі – парақорлыққа делдалдығы үшін ісі сотта қаралды.    width= Қорғаныс министрлігі. Бұл жы­лы үшінші орыннан көрінген Қор­ғаныс министрлігінің 28 ла­уазым­ды тұлғасы мен әскери қыз­метшісі сотталған. Көп жағдайда, сы­бай­лас жемқорлық қыл­мыстарын бас­­шы құрам жасаған – 28-дің іші­нен 22-сі (78%). Әскери құра­ма­лардың әскери қызметшілері – 16, қорғаныс істері жөніндегі ау­мақ­тық бөлімшелерге – 12-ден (Жам­был – 5, Павлодар – 2, Алма­ты – 2, Қос­танай – 1, Ақмола – 1 және Түр­кістан облыстарына – 1) тиесілі. Бұл жолы да негізінен қалалық жә­не аудандық қорғаныс істері жө­ніндегі басқармалардың әскери қыз­метшілері мерзімді әскери қыз­метке шақыруды кейінге қал­дырғаны үшін әскерге ша­қырыл­ған­дардан пара бопсалаған. Әс­кери бөлімдердің әскери қыз­мет­шілері жасаған сыбайлас жем­қор­лық, жалған іссапар мен жеке құ­рам­ға сыйақы беру арқылы игеріл­ме­ген бюджет қаражатын жым­қыру­мен, сондай-ақ есептен шы­ға­рудың жалған актілерін жасау арқылы әскери киім-кешекті, жанар-жағармай мен басқа да мү­лік­ті ұрлауға байланысты бол­ған­дығы әшкере болды. Индустрия және инфра­құры­лым­дық даму министрлігі. Орталық мем­лекеттік органдар арасында жа­салған сыбайлас жемқорлық қыл­мыстар саны бойынша Ин­дуст­рия және инфрақұрылымдық даму министрлігі төртінші орынды иеленді. Құқықтық статистика органдарының мәліметтері бойын­ша осы салада сыбайлас жемқор­лық қылмыс жасағаны үшін 2019 жы­лы 21 адам сотталған. Жауап­кер­шілікке тартылғандардың ішін­де басшылар жиі кездеседі – 12 адам (57%). Сыбайлас жемқорлық қыл­мыстар Көліктік бақылау инс­пекциясында, министрліктің Құ­ры­лыс істері жөніндегі комитетінде және ведомствоға бағынысты ұйым­дарында жасалған екен. Көп жағдайда ведомствоға қарама­ғын­дағы ұйымдардың басшылары ав­то­мобиль жолдарын жөндеу, қайта жаңарту бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін пара алған. Ауыл шаруашылығы министр­лігі. Ауыл шаруашылығы саласын­да­ғы сыбайлас жемқорлық қыл­мыс­­тары үшін сотталғандар саны – 19 адам. Сотталғандар арасында, кө­бінесе басшылар болған. Сы­бай­лас жемқорлық қылмыстары­ның едәуір бөлігін министрліктің ве­домствоға бағынышты ұйым­дар­дың қызметкер­лері: Ақмола – 4, Шығыс Қазақстан облысы жә­не Шымкент қаласы – 3-тен, Ба­тыс Қазақстан және Ақтөбе – 2-ден, Жамбыл, Солтүстік Қа­зақ­стан, Қарағанды мен Қызылорда об­лыс­тарында және Алматы қала­сы  1-ден жасаған. Көп жағдайда, ұйым бас­шы­лары өздерінің бағыныш­тылары­нан әртүрлі іссапарға жібергені үшін, сондай-ақ жалған жұмысқа ор­наластырғаны үшін пара алған. Бюд­жет қаражатын жымқыру жал­ған іссапарларды ресімдеу жо­лы­мен жүзеге асырылған. Бұл – 2019 жылдың қорытын­ды­сы. Жемқорлардың бестігінен кө­ріну қай салаға болса да жа­рас­пайтыны анық. «Жемқорлық – ін­дет, аластау – міндет». Осыны ұмыт­паған абзал.    width=Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ