17 шілдеде "Болашақ" бағдарламасына өтініш қабылдау басталады

"Болашақ" бағдарламасына құжаттарды қабылдаудың төртінші легі 17 шілдеден 15 қыркүйекке дейін жалғасады. Конкурстық іріктеуге қатысуға өтініштер мемлекеттік қызметтер порталы – eGov.kz арқылы онлайн қабылданады.

Биыл "Болашақ" стипендиясы үміткерлеріне қойылатын талаптар күшейтілді. Енді үміткерлер шет тілін меңгергенін растауы тиіс.

Ағылшын тілінде оқуға түсушілер төмендегі нәтиже бойынша IELTS сертификатын ұсынуы керек:

квоталық санат бойынша 9.0-ден кемінде 5.0;

өз бетінше түскендер санаты бойынша (магистратура, докторантура) 9.0-ден кемінде 6.0;

тағылымдама санаты бойынша 9.0-ден кемінде 5.0.

Биыл "Болашақ" бағдарламасы бойынша магистратура және резидентураға 395 стипендия, докторантураға 50 стипендия, тағылымдамадан өтуге 110 стипендия бөлінді.