Белгілі актер, әзілкеш Марат Достаев аса қауіпті дертке шалдығып, оған жедел жәрдем мен мемлекеттік емхана қызметкерлері алғашында немқұрайлы қарағанын ашып айтты. Өнер иесі мұндай дертке шалдығу себебін Асхат Садырбайға берген сұхбатында мәлімдеді, – деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
Өте қауіпті: Танымал актер көпшілікке ауыр дертке шалдыққанын айтты
1,123
оқылды

«Қауіпті диагноз қойды. Бауыр циррозы. Басымызға күн туса 102-ге, жаның қиналғанда 103-ке телефон шаламыз. Сол телефон соққанда арғы жақтан дұрыс реакция болсын дейміз. Екі рет жедел жәрдем шақырдым. Екеуінде де: «Температураңыз 37 градус», – деп алмай кетті. «Өзіңіз бір тексеріліп, қаралсаңызшы. Сізді апарсақ, бізге ұрсады», – деді.

Жасыратыны жоқ, қаладағы дәрігерлерге де бардым. «Бізде анализ жөнді шықпауы мүмкін, жеке емханаға барыңыз» деді. Билирубин 356-ға жетіпті. Оның қалыпты нормасы 18 болуы керек. Сол кезде жеке емханаға барып, әуелі Алла, кейін дәрігерлердің арқасында аман қалдым. Өте қауіпті нәрсе екен. Оны кейін білдім.

Киноиндустрияда жүрген, сериал-киноға түсетіндер жақсы біледі. Бізде тәулігіне екі рет қана бір сағаттан ұйықтайтын кездер болады. Кейде он күн ұйықтамай, екі күн қатарынан ұйықтайсың. Оның өзі ағзаға үлкен күш. Фастфуд жейсің, түнгі сағат 3-4 шамасында тамақ іше саласың. Қазір денсаулығым шүкір, жаман емес. Бірақ әлі емделетін тұстары бар», – деді актер.