Тұзды заңсыз өндіру дерегі расталды.
Солтүстіктегі танымал алқызыл көл таязданып қалған
1,361
оқылды

Павлодар облысындағы алқызыл Коряковка көлі таяздап кетті.

Қазақстандықтар арасында танымал болған алқызыл көл тағдыры туралы жергілікті тұрғындар әңгімесін блогер Денис Денски жариялады.

"Қазақстанда енді қызғылт көл жоқ па? Бұл видеоны блогымның оқырманы түсірген, ол бір айдан кейін біреулердің көлді арнайы құрғатып, тұзын сататынын жария етуді ұйғарған. 2020 жылы танымал болған Коряковка ауылы маңындағы қызғылт көлді, Павлодарға жақын жерде, құртқан", – деп жазды ол Instagram-парақшасында.

Блогер Павлодар облысындағы су айдыны тағдырын Көбейтұз көлімен салыстырды.

Видео пайда болғаннан кейін Pavlodarnews.kz журналистері облыстық жер қойнауын пайдалану басқармасына хабарласқан.

"Тұзды заңсыз өндіру дерегі расталды, бейнежазбадағы сипаттамаға сәйкес көрсетілген орын шындыққа жанасады. Алайда өнеркәсіп көлемдегі өндіріс жоқ, болжам бойынша өндіруді жергілікті тұрғындар өз қажеттіліктері үшін жүргізеді, қарапайым әдістер арқылы", – деп жауап берді ведомство.

Басылым шенеуніктерге сілтеме жасап, "қыста қар аз жауғаны мен еріген судың аздығынан көл таяз болып кеткен" деп жазады. Жер қойнауын пайдалану басқармасы мәліметінше, Коряковкада табиғи қуат жоқ, көлге өзендер құймайды. Мұның бәрі көлдегі су деңгейінің төмендеуіне әкелген.

"Сонымен қатар, биыл облыста су айналымы аз, құрғақшылық пен ауа райының жоғары температурасы байқалып отыр. Заңсыз өндіруді болдырмау мақсатында облыс әкімдігі құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып рейдтік іс-шаралар өткізеді", – деп қосты бөлім өкілдері.