«Қазгидромет» РМК 16 шілдеге күн райы болжамын жариялады.
Қазақстанның басым бөлігінде әлі де аптап ыстық болады – Қазгидромет
2,624
оқылды

Кәсіпорын деректеріне қарағанда, 16 шілде күні атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай Қазақстанның батысында, солтүстігінде, қиыр шығысында және оңтүстік-шығысында ауа райы құбылмалы болады. Нақтырақ айтқанда, елдің батысында нөсер жауынды, найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Ал елдің қалған аумағында күн негізінен жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейеді деп күтілуде, солтүстікте түнде тұман болады.

Алматы облысының басым бөлігінде және Ұлытау және Жетісу облыстарында, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында және Абай облысының оңтүстігінде 35-38°С қатты ыстық күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында өрт қаупі жоғары күтіледі.

Түркістан, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының, Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Қостанайдың оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, шығысында төтенше өрт қаупі күтілуде.