Қостанай облысында полиция қызметкерлері есірткі сатушыны ұстап, одан 100 миллион теңгеден аса сомаға синтетика партиясын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай облысында ірі көлемде есірткі сатқан тұрғын ұсталды
983
оқылды

Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Тобылда "Қарасора – 2023" жедел алдын-алу шарасы шеңберінде күдіктіні ұстау операциясын жүргізді.

"Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Тобылда полиция қызметкерлері тінту кезінде 3 келіден аса синтетикалық есірткіні сақтаған күдіктіні ұстады. Бұдан басқа, 2 мыңнан аса оралған синтетика тәркіленді, бұл аса ірі көлем", – деп Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Нұржан Ахметов облыстың 31 жастағы тұрғынын ұстау жөніндегі операцияның мән-жайын айтты.

Мұндай партияның құны 100 миллион теңгеден асады. Қазір бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды. Қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Жүргізілген сараптамаға сәйкес алынған зат – "мефедрон" синтетикалық препараты.

Қостанай облысында "Қарасора – 2023" жедел алдын-алу шарасы өткізіле бастағаннан бері 10 келіден аса түрлі есірткі құралдары тәркіленді.