Бүгін ауа райы құбылмалы болады.
17 шілдеге арналған ауа райы болжамы
2,122
оқылды

«Қазгидрометтің» мәліметінше, атмосфералық фронт әсерінен  батыс, солтүстік, оңтүстікте жаңбыр жауады. Найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.  Өзге аумақтарда көбінесе ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейеді. Түнде еліміздің солтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Күндіз Ақмола, Жамбыл, Алматы, Қызылорда облыстарында, Абай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында, Түркістан облысының батысында және шөлді аудандарында 35-41°с аптап ыстық күтіледі.

Түркістан, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.