Оқиға Бейнеу ауылында болған.
Маңғыстауда жаппай төбелес болып, 6 күдікті ұсталды
817
оқылды

15 шілде күні түнгі 03:30 шамасында Маңғыстау облысы Бейнеу ауылындағы Тәжиев көшесінде төбелес болды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазды Lada.kz.

Полицейлер 24-25 жас аралығындағы 6 күдіктіні ұстады. 

Аталған факті Бейнеу аудандық сотқа дейінгі тергеу бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК 239-бабы, 3-бөлігі бойынша тіркелді.

Кінәлілер үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.

Оқиғаның жай-жапсары баяндалған жоқ.