18-19 шілдеде күндіз республиканың оңтүстік-шығысында 40-42 градус қатты ыстық болады.
Аптап ыстық, бұршақ, жел: 18-20 шілдеге арналған ауа райы болжамы
3,839
оқылды

«Қазгидромет» 18-20 шілде аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады.

Алдағы күндері еліміздің солтүстік жартысына атмосфералық фронттар ықпал етеді. Соның әсерінен жаңбыр мен бұршақ жауады, найзағай жарқылдап, екпінді жел соғады.

18-19 шілде күндері батыста, солтүстік-батыста, 18-20 шілдеде – солтүстікте және солтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады.

Қазақстанның қалған аумағы солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады.

Осыған байланысты негізінен жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады.