Қылмыстық-процестік кодекске депутаттардың бастамасымен өзгеріс енгізу ұсынылған.
Қылмыстық-процестік кодекске жаңа бап енгізілуі мүмкін
837
оқылды

Қылмыстық-процестік кодекске адвокаттарға қатысты жаңа 256-1-бабы енгізілуі мүмкін.

«Егер сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқа адамдарға қатысты немесе қылмыс белгілері бар іс-әрекетті жасау фактісі бойынша басталса, адвокатқа қатысты тінту, қарап-тексеру және алу (оның ішінде адвокаттық қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланатын тұрғын және қызметтік үй-жайларда) тергеу судьясы санкциялаған қаулы негізінде және адвокаттық құпияны құрайтын заттар мен мәліметтерге қол сұғылмаушылықты қамтамасыз ететін, аумағында көрсетілген процестік әрекеттер жүргізілетін адвокаттар алқасының өкілінің қатысуымен адвокатқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғаннан немесе оны айыпталушы ретінде тартқаннан кейін ғана жүргізіледі», – делінген депутаттар бастамасымен өзгеріс енгізу ұсынылған Қылмыстық-процестік кодекстің жаңа бабында.

Тінту немесе қарап-тексеру туралы қаулыда нақты анықталуы тиіс заттардың тізімі көрсетілуі қажет. Тиісінше, адвокаттан құжатта алдын ала көрсетілмеген өзге заттарды алуға тыйым салынады. Бұл ретте, айыпталушының мүддесін қорғауға тартылып, өзі сотты болып жатқан маманның үйін, кеңсесін тінту кезінде оның басқа істер бойынша жинаған құжаттарын алуға, суретке, видеоға түсіруге жол берілмейді.

«Егер сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқа адамдарға қатысты немесе қылмыс белгілері бар іс-әрекет жасау фактісі бойынша басталған болса, адвокатқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанға дейін немесе оны айыпталушы ретінде тартқанға дейін адвокаттық қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын тұрғын және қызметтік үй-жайларды қарап-тексеру, егер көрсетілген үй-жайларда қылмыс жасау белгілері табылған жағдайда ғана жүргізілуі мүмкін. Мұндай жағдайда аумағында қарап-тексеру жүргізілетін адвокаттар алқасы өкілінің қатысуынсыз оқиға орнын қарап-тексеруге оның қатысуын қамтамасыз ету мүмкін болмаған кезде ғана жол беріледі», – деп нақты ережелер айқындалған құжатта.