Осы оқиғаға байланысты сараптама тағайындалды.
Степногор қаласының тұрғыны жарылғыш затты заңсыз сақтаған
900
оқылды

Ақмола облысы Степногор қаласында заңсыз жарылғыш зат сақтаған күдікті ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

ІІМ баспасөз қызметі ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Степногор қаласында 61 жастағы тұрғын жарылғыш заттарды заңсыз сақтайтыны туралы жедел ақпарат алғанын мәлімдеді.

Ер адамның гаражын тексеру кезінде жарылғыш толқын бағыттаушылары болып есептелетін 34 металл-цилиндрлік зат табылды.

Факт ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген.