Ұлытау және Қарағанды облыстарының бөлінуіне орай, өңірлердің басшылығы ше­шім қабылдап, Теректі стан­­сасындағы 80 орындық мек­тептің құрылысын Қара­ған­ды облысының құрылыс бас­қармасы толық аяқтап, Ұлы­тау облысының теңгері­мі­не өткізуі тиіс болатын.
Алаңдауға негіз бар
796
оқылды

Құры­лысы ұзаққа созылған ны­сан­ның пайдалануға берілуін енді «AMANAT» партиясы бақы­лауға алатын болды.

Үш жыл бұрын «Балхаш­Пром­Техстрой» ұйымы құрылысын бас­таған мектеп 2022 жылы қолда­ныс­қа берілу керек еді. Алайда түрлі кем­шіліктер орын алғандықтан кон­­курс арқылы екінші мердігерге берілді. Бұ­ған ауыл тұрғындары алаң­даушылық біл­дірді. Алаңдауға себеп жоқ емес. Өйткені ба­лалар жыл бойы ауыл клубының тар бөл­ме­лерінде білім алып келгенді.

Жаңа мердігердің құжат рәсім­деуі ұзақ­қа созылып кетті. Сал­дары­нан  оқу жы­лы­ның басталуына бір айдан аса ғана уақыт қал­ды. Ен­ді бұл мәселені «AMANAT» пар­тия­сы өз бақылауына алып отыр. Пар­ламент Мә­жілісінің депутаты Жұл­дыз Сүлей­ме­нова, Қарағанды об­лыстық  құрылыс және сәулет бас­қармасы басшысының міндетін атқарушы Жанболат Құрмания­зов­пен бір­ге құрылыс­тың қандай дең­­гейде екенімен танысуға ар­найы барды. 

Тұрғындармен, ата-аналармен кез­десіп, мә­селенің мәнісін біліп қайт­қан депутаттар жуық арада мә­селенің шешімін табуға бар күш-жігер­лерін салатындарын жет­­кізді. Бұл бағытта бүгіннің өзін­де партия тара­пы­нан кезек күт­тір­мейтін жыл­дам шешім­дер қабыл­дану үс­тінде. 

Ұлытау облысы