Биыл қазақстандықтар 66 мыңнан астам жаңа автомобиль сатып алды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлім етті.
Қазақстандықтар қандай көлікке құмар?
1,351
оқылды

«Қазақстан Автобизнес қауымдастығының деректеріне сәйкес, екінші ай қатарынан айлық сатылымда рекордтық көрсеткіш тіркеліп отыр. Мамырда отандық дилерлер 14 688 жеңіл автомобиль мен коммерциялық техника сатты. Бұл былтырғы мамырдағы көрсеткіштен 77,2 пайызға көп» де­лінген министрліктің хабарламасында.

2023 жылдың 5 айында ел тұрғындары 66 331 жаңа жеңіл автомобиль, жүк көлігі мен автобус сатып алды. Бұл өткен жылдың көрсеткішінен 65,8 пайызға жоғары. Ең көп сатылған брендтер – Hyundai, Chevrolet және Kia.