Биылғы 1 маусымдағы дерекке сәйкес, елі­міздегі халық саны – 19 млн 879 мың адам.
Жиырма миллионға жақындадық
851
оқылды

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, жалпы халықтың 61,9 пайызы немесе 12 297 100 адам – қалада, ал 38,14 пайызы немесе 7 581 900 адам ауылда тұрады.

2023 жылғы қаңтар-мамырда Қазақстанға келгендер саны 2022 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 91,8 пайызға артып, кеткендер саны 45 пайызға азайды.

Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мем­лекеттерімен өтуде. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің үлесі – 89,5 және тиі­сінше 72,1 пайызды құрады. 

Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 2,6 пайызға азайды. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 3 өңірінде – Алматы (12 145 адам), Астана (11 424 адам) және Шымкент (571 адам) қалаларында байқалды.