Ақтөбе облысында әкім пышақ жарақатынан көз жұмды.
Әкімді өлтірген фермер сотталды
1,252
оқылды

Ақтөбе облысында әкімді өлтірді деген күдіктіге қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Оқиға 2022 жылдың 11 желтоқсанында Алға ауданы Сарықобда ауылдық округінде болған. Жанжал кезінде мас болған фермер ауылдық округ әкімінің ішіне пышақ сұғып алған. Көп қан кеткен әкім қайтыс болды. Фермерге абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді деген айып тағылды.

17 шілдеде аудандық сот бұл іске қатысты үкім шығарды. 

Бастапқыда прокурорлар сотталушыны 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Сот фермердің өкінгенін, балаларының барын, сондай-ақ 25 миллион теңге моральдық шығынды өтегенін ескерді. Қылмысты мас күйде жасағаны жазасын ауырлатты.

Сот фермерді 8 жылға бас бостандығынан айырды. 

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.