С.Күдебаевтың адвокаты соттан экс-генералға елден қашып кеткені үшін айыппұл салуды сұрады

Экс-генерал өзіне тағылған айыпты толық мойындаған.

Алматы облысы Кеген аудандық сотында экс-генерал Серік Күдебаевқа қатысты іс қаралып жатыр. Ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өтті деген күдікке ілінген болатын. Сот отырысында айыпталушы өкініп, өз кінәсін толық мойындады.

Адвокаттың сөзінше, істі қарау процесі кезінде экс-генерал өзіне тағылған айыпты мойындаған.

«Мен өз кінәмді толық мойындаймын», – деді Серік Күдебаев соттағы соңғы сөзінде.

Осы ретте адвокат қорғаушы тарап судьядан генерал-майорға мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткені үшін жеңілірек жаза беруін сұрады. Заңгердің айтуынша, мұндай заңбұзушылық 1 000 АЕК-қа дейін (шамамен 3 миллион теңге) айыппұлмен шектелуі мүмкін.