84 жастағы қала тұрғыны полиция бөліміне арызданған.
Ақтөбеде зейнеткерді алдап, 15 миллион теңгесін иемденген алаяқтар ұсталды
2,061
оқылды

Ақтөбеде зейнеткерлерді алдап, ірі көлемдегі ақшасын иеленген алаяқтар ұсталды,  деп хабарлады Polisia.kz.

13 шілдеде  84 жастағы қала тұрғыны полиция бөліміне алданғанын айтып арызданды.

Зейнеткердің айтуынша, белгісіз тұлғалар қызының жол апатына тап болғанын және оған ота жасау үшін ірі көлемде ақша қажет екенін айтқан.

Ақшаны аудару кезінде 3 алматылық күдікті ұсталып, изоляторға қамалды.

Ұсталғандардан 15 млн теңге тәркіленді, олар банк терминалы арқылы ақшаны сыбайластарының шотына жібермек болған.