Ұлттық банктің 18 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 446,34 теңге.
Доллар бағасы арзандады
2,952
оқылды

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша,  доллардың теңгеге шаққандағы бағасы арзандады.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 1,99 теңгеге төмендеп, 1 доллар 444,15 теңге болды.

Ұлттық банктің 18 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 446,34 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 445 теңге, сатып алу – 447 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 442,5 теңгеден болса, сатып алу – 446 теңге.

Алматыда Ресей рублі 4,81-5,01 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасының құны – 4,84 – 4,94 теңге.