Мектепті күрделі жөндеуден өткізуге 60 млн теңге бөлінген.
М.Жұмабаев ауданында мектеп құрылысы уақытында аяқталмады
1,014
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысы  Мағжан Жұмабаев ауданына қарасты Октябрь ауылындағы мектептің күрделі жөндеу жұмысы биыл 2 маусымда басталып, жоспар бойынша қыркүйекке дейін аяқталуы тиіс еді. Алайда жаздың ортасына қарай «Деловой Альянс» ЖШС  мердігері тіпті 30% жұмысты да аяқтамады. Жақында білім беру мекемесіндегі жөндеу жұмысының барысымен «AMANAT» партиясы  облыстық филиалының атқарушы хатшысы Жеңіс Асанов танысты.

Мектепті күрделі жөндеуден өткізу үшін 60 млн теңге бөлінді. Бұл қаржыға смета бойынша 4 витражды, 2 және 3 қабаттағы 85 терезені, спортзалдағы 6 терезені, спортзалдағы киім ауыстыратын бөлменің 4 терезесін, сондай-ақ жылыту жүйесін ауыстыру жоспарланған. Сонымен қатар сметада ауданы 275,1 шаршы метрді құрайтын бірінші қабаттағы залды жөндеу және 298,5 шаршы метр акт залы  қарастырылған.

 «Бүгінде іс жүзінде барлық жоспарланған жұмысты бөлшектеу және апаттық жерді анықтау жұмысы ғана аяқталды. Алайда бүгінге дейін терезе блоктары ауыстырылып, әрлеу жұмыстары жүргізіліп, батареялар орнатылып және баспалдақтар жөнделуі керек еді. Мұның бәрі орындалған жоқ», – деді Жеңіс Асанов.

Осы аптаның соңына дейін жұмысшылар еденге плитка мен линолеум төсеу жұмыстарын аяқтауы керек еді. Бірақ бұл жұмыс тек 20%-ға орындалды. Жұмыс әрі қарай уақытылы жүргізілуі үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға берілді.