Сот заңды күшіне енген жоқ
Қостанайда баланың бұғанасын сындырған тәрбиешіге үкім шықты
573
оқылды

Қостанайда №61 балабақша тәрбиешісіне үкім шықты. Ол орындықта отырған баланы тартып қалып, бұғанасын сындырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

№2 Қостанай қалалық сотында №61 балабақша тәрбиешісі Айсұлу Деріпсәліге қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамағаны үшін (ҚК 141-бабы 1-бөлігі) сот алдында жауап берді.

«2022 жылдың 28 маусымында Д. «Көбелек» тобының ойын залында тәрбие сабағын өткізу кезінде тәрбиешіге арқасымен орындықта отырған тәрбиеленуші М.-ге ескерту жасаған, бірақ ол тыңдамаған.

Тәрбиеші бала отырған орындықты жұлқып, оны өзіне тартқан. Салдарынан бала орындықтан құлап, жарақат алды. Оның сол жақ бағанасы жабық күйде сынған», - деді облыстық сотта.

Сот отырысында прокурор 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын сұрады.

Зардап шегуші – баланың әкесі мемлекеттік айыптаушының ұстанымын толық қолдады. Сотталушы кінәсін мойындап, өкінді.

«Сот жаза тағайындау кезінде сотталушының қылмыстық жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәні толық мойындауын және өкінгенін есепке алды. Жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, сот айыпталушыны педагогикалық лауазымдар мен кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты қызмет атқару құқығынан айыра отырып, жазасын өтеу мерзімінде пробауиялық бақылау жазасын белгілеп, 44-баптың 2-бөлігінде көзделген міндеттерді жүктей отырып 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеді», деді облыстық сотта.

Сот заңды күшіне енген жоқ.