Заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді
Түркістан облысында сора өсірген ағайынды екі жігіт қамауға алынды
1,509
оқылды

Түркістан облысында 1 359 түп сора өсірген ағайынды екі жігіт қамауға алынды.

Түркістан облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «есірткі өсірді» деген күдікпен бұрын сотталған екі ағайындыны анықтады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер күдіктілердің бірінің үйінен сораға ұқсас, құрамында есірткі заты бар өсімдіктің 1 300 түбін тәркіледі. Ал, інісінің үйін тінту кезінде, есірткіге ұқсас 59 түпті өсімдік есепке алынды.

«Заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді. Қорытындыға сәйкес, айғақты заттар жалпы салмағы 55 келіден асатын сора болып шықты. Аталған фактілер ҚР ҚК-нің 300-бабы 2-бөлігі «Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру» бойынша тіркелді. Күдіктілер қамауда. Қазіргі таңда екі ағайындыға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.