Қазақстандағы құс етін өндіруден алдыңғы қатарлы кәсіпорынның бірі – Ақмола облысы Бұланды ауданындағы Макинск құс фабрикасы. Аталған кәсіпорынның іске қосылғанына көп уақыт болмаса да, бүгінде ішкі сұранысты өтеп отыр.
Кәсіпорынның қарқыны қатты
924
оқылды

Қазіргі уақытта ол тауық етін өндіру көлемі бойынша Орталық Азиядағы көшбасшы кәсіпорынға айналды. Алдағы уақытта мұнда бройлер өсіру өндірісінің үшінші кезегін іске қосу жоспарланып отыр. Жобаны іске асыру өндірісті тірі салмақтағы құс көлемін жылына 56 мың тоннадан 100 мың тоннаға дейін ұлғайтуды көздейді. 

Фабриканың үшінші кезегінің құрылысы 2021 жылы басталған бо­­­латын. Жобаға салынған инвестиция со­масы 25 млрд теңгені құрайды. Алдағы уа­қытта құс фабрикасының қуаттылығы жы­лына 100 мың тоннаға дейін құс етін өн­діруге мүмкіндік береді деп күтілуде. 

Құс фабрикасының аумағы мен қуатын арт­тырудан бөлек, үшінші кезек жобасы жаңа құс қораларын салу, союдан қалған қал­дықтарды қайта өңдеу жабдығының қуа­тын тәулігіне 133 мың бастан 140 мың бас­қа дейін ұлғайту, жем түйіршіктендіру же­лісінің өнімділігін сағатына 20 тоннадан 30 тоннаға дейін арттыру және өндірістің өзек­ті талаптарына жауап беретін дайын өнім­ді сақтауға арналған орындар көлемін ұлғай­ту кіреді.

Макинск құс фабрикасы үшінші ке­зе­гінің құрылысы – құрамына осы өндірістік кәсіпорын кіретін AITAS холдингінің стратегиялық жос­па­ры­ның ажырамас бөлігі. Макинск құс фаб­рикасының үшінші кезегін іске қосу жо­басы импортты алмастыру және ай­мақ­ты дамыту, сонымен қатар жаңа жұмыс орын­дарын құру сияқты әлеуметтік нәти­же­ге қол жеткізуге бағытталған. Қазіргі уа­қытта кәсіпорында 1900-дан астам адам жұмыс істейді. 

«Макинск құс фабрикасы және үшінші ке­зек жобасы құрылысының жүзеге асы­рылуы – бұл Қазақстанның құс шаруа­шы­лығы саласына қосылған үлес, құс фаб­ри­касының өзінде де, МҚФ айналасында да­ми бастаған басқа да шағын және орта биз­нес кәсіпорындарында жұмыс орын­да­рын құру. Біз өз қызметі аясында Бұлан­ды ауданы мен Макинск қаласын дамытуға қа­тысып келе жатқан Ауылдық аймақтарды тұ­рақты дамыту қорымен өте жақсы се­рік­тестік қарым-қатынастамыз. AITAS – осы қор­дың бас демеушісі, ол ақшалай қара­жат­ты өңіріміздің инфрақұрылымын, бі­лім саласын, медицинасын дамытуға ба­ғыт­тайды», – деді фабриканың бас ди­рек­торы Ришат Раисов.  

Бүгінгі таңда кәсіпорында 17 өн­ді­ріс­тік нысан, атап айтқанда, ин­ку­ба­тор, әрқайсысында 12 құс алаңы бар қол­даныстағы 8 құс қорасы және пайдала­ну­ға берілу жоспарланып отырған 4 құс қо­расы, құс өңдеу зауыты, құс саңғырығын, ет және сүйек қалдықтарын қордалау алаңы, жем өндіру цехы бар. Өндірістің био­қауіпсіздігі мен экологиялық талап­та­рын сақтау мақсатында кәсіпорында ин­ку­бациялық өндіріс, құс өсіру, сою және ет-сүйек ұнын өндіру сатыларында жоғары тех­нологиялық энергия үнемдейтін жаб­дық­­тар пайдаланылады.

Құс фабрикасының аумағында ор­на­ласқан барлық ғимараттың жалпы ауданы 300 мың шаршы метрден асады. Жоба Еу­ро­палық қайта құру және даму банкінің, Baiterek Venture Fund венчурлық қорының және Қазақстанның Даму Банкінің кре­диттік желісінің қолдауымен AITAS хол­дин­гінің дамудың ұзақмерзімді страте­гия­сы шеңберінде іске асырылуда.

Наурызбек САРША