Энергетика министрлігіне бірнеше жаңа құзырет беріліп, жаңа міндеттер жүктелуі мүмкін.
Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысы жобасына сай, енді ведомствоға мына функциялар берілмек:
- тауар биржаларынан тыс көтерме және бөлшек саудада сұйылтылған мұнай газын өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
- сұйылтылған мұнай газын есепке алу аспаптарының көлемдік көрсеткіштерін массалық көрсеткіштерге ауыстырудың өңірлік коэффициенттерін есептеу және сұйылтылған мұнай газымен жабдықтау жүйелерінің объектілерін пайдалану кезіндегі ысырапты есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
- өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйылтылған мұнай газын бөлу жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді;
- сұйылтылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру кезінде шикізат ретінде пайдалану үшін қажетті көлемдерде ие болады.