Ана мен баланың денсаулығы бірқалыпты.
БҚО-да салмағы 6 келіден асатын алып сәби дүниеге келді
1,252
оқылды

Орал қаласында салмағы 6 келіден асатын сәби дүниеге келді.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, Орал қаласының тұрғыны, 1987 жылғы келіншек қалалық көпбейінді ауруханада 16 шілде күні салмағы 6 кг 170 грамм тартатын ұл баланы босанған.

«Аталмыш шақалақ – отбасындағы үшінші бала. Бойы – 63 см. Қазіргі кезде дәрігерлердің қатаң бақылауында. Ана мен баланың денсаулығы бірқалыпты. Ауруханадан ертең шығарады», – деп хабарлады ведомстводан.