Жаңбыр жауып, күн суытады: 20-22 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктердің айтуынша, ел аумағында қатты жаңбыр жауып, күн суытады.

«Қазгидромет» синоптиктері 2023 жылғы 20-22 шілде аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Қазгидромет» мәліметінше, республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады.

«Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады... Ауа температурасы түнде солтүстік, шығыс және орталық облыстарда 10-18 градусқа дейін төмендейді деп болжанды», – делінген хабарламада.