Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман Әл Саудпен кездесті.
Сауд Арабиясының тақ мұрагерімен кездесті
667
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабия­сы­ның Тақ мұрагері, Премьер-министрі Мұхаммед бен Салман бен Әбделазиз Әл Саудқа ілтипат білдіре отырып, «Орталық Азия + Шығанақтағы араб мем­ле­кеттерінің ынтымақтастық кеңесі» атты мем­ле­кеттер басшыларының бірінші саммитіне қатысуға ша­қырып, қонақжайлық көрсеткені үшін ал­ғыс айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы Қа­зақ­станның ислам және араб әлеміндегі негізгі стра­те­гия­лық серіктесі екенін атап өтті.

Кездесу барысында сауда-экономика, инвес­ти­ция, энергетика, «жасыл» энергетика, туризм, ауыл шаруа­шылығы және көлік-логистика са­ла­ларын­дағы ын­тымақтастық мәселелері қарас­тырылды.

Өз кезегінде Тақ мұрагері Мұхаммед бен Сал­ман бен Әбделазиз Әл Сауд Қазақстан Сауд Ара­­биясының Орталық Азия аймағындағы маңыз­ды әрі сенімді се­рік­тесі екенін атап өтті. Оның ай­туын­­ша, сауда-эко­номикалық және инвести­ция­лық байланыстарды одан әрі дамытып, нығайту үшін мол әлеует бар. Сон­дай-ақ ол екіжақты қа­ты­настарды жаңа деңгейге кө­теру үшін күш салуға ниетті екенін жеткізді.