Сенат депутаттарының өңір­лерге са­пары жалғасуда.
Сенаторлар сапары жалғасуда
814
оқылды

Сенатор Жанболат Жөргенбаев Қара­сай ауданындағы «Үшқоңырирригация» мемлекеттік су шаруашылығы комму­налдық кәсіпорнында сала мамандарымен және фермер шаруашылығының өкілдері­мен кездесті. Кездесу барысында су пай­даланушылардың жағдайымен танысып, сала сарапшыларының пікірін тыңдады. Мамандар аудандағы аграрлық саланың негізгі проблемалық мәселелерін, оның ішінде суару желілерінің тозуы мен істен шығуына қатысты тақырыптарды көтерді.

Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова Шымкент қаласын­дағы жүрек ауруларын емдейтін орталықта болды. Бұл ұйым – елдің оңтүстік айма­ғындағы жетекші клиника және 20 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Меди­циналық мекеме өкілдері сенаторларға клиниканың қызметі туралы хабардар етті және отандық медицинаның қазіргі деңгейі бүйрек, бауыр, жүрек, өкпе, ұйқы безін трансплантациялауға мүмкіндік беретінін атап өтті. 

Қазақстан Республикасы Парламенті Сена­тының депутаттары Әли Бектаев, Мұрат Қадырбек және Әлішер Сатыпал­диев өңірге сапар барысында Түркістан облысының Төлеби ауданында болды. Сенаторлар аудан активімен кездесіп, бірқатар әлеуметтік маңызды нысандарды аралады. Олар жұртшылықты Парламентте қабылданған заңдар туралы хабардар етіп, құқықтық актілердің ха­лықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталғанын атап өтті. Депутаттар аудандардың жай-күйі­мен, әлеу­меттік-экономикалық даму көр­сеткіштерімен, өңірлердің проблема­лары­мен және халықтың тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында облыс аумағында кездесулер өткізіп жатқанын жеткізді. Жер­гілікті тұрғындар өз кезегінде инфра­құрылым, білім беру және денсаулық сақ­тау салаларына қатысты бірқатар мәселені көтерді.  Депутаттар көтерілген мәселе­лердің маңызына тоқтала келіп, олардың кезең-кезеңімен шешілуіне ықпал ететінін айтты.

Парламент Сенатының депутаты Ан­дрей Лукин елорда аудандарының тұрғын­дары және әкімдік­тердің өкілдерімен кездесті. Әкімдік өкілдері кезде­суде 2023 жылдың бірінші жарты жылдығының қо­рытындысы бойынша атқарылған жұмыс­тар ту­ралы айтып берді. Депутат бюджеттік бағдар­ламаларды іске асырудағы 2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша есептерді, сондай-ақ 2023-2025 жылдарға жоспарланған шығыстар туралы ақпаратты да тыңдады. Депутатпен және әкімдік өкілдерімен пікірлесуге ынталы қала аудандардың тұрғындары да кездесуге қатысты. Азаматтарды қызықтырған мәсе­лелердің қатарында тұрғын үй саясаты, атап айтқанда, көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысының тығыздығы және тұрғын үй кешен­деріндегі су қысымның азаюы мен судың мүлдем болмауы туралы болды. Сенатор өз кезегінде парла­ментшілер қозғалған барлық мәселені назарда ұстайтынын айта келіп, Сенаттың өткен сессиядағы жұмысының қорытындылары туралы хабардар етті.