Президент Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі ауысты.
Айдын Құлсейітов жаңа қызметке тағайындалды
1,191
оқылды

Мемлекет басшысының өкімімен Айдын Жеңісұлы Құлсейітов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Айдын Жеңісұлы Құлсейітов 1976 жылы Өскемен қаласында туған.

1997 жылы – Батыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін; 

2004 жылы – Президент жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған. Техника ғылымдарының кандидаты. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.

1996-2000 жылдары – коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген.

2000-2003 жылдары – Өскемен қаласы Индустрия, сауда және шағын бизнес басқармасының Индустрия және экология бөлімінің бас маманы, басшысы.

2003-2004 жылдары – Президент жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының тыңдаушысы.

2004-2008 жылдары – Индустрия және сауда министрлігінің Тұтыну тауарлар бөлімінің бастығы, Өнеркәсіптің тау-кен және өңдеу салалары басқармасының, Индустриалдық саясат департаментінің директоры, Хатшылық – Стратегиялық жоспарлау және жинақы талдау департаментінің директоры, Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және салааралық үйлестіру департаментінің директоры.

2008-2009 жылдары – Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2009-2014 жылдары – «Ұлттық инновациялық қор» АҚ басқарма төрағасы (қайта құрылғаннан кейін «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік»ред.).

2014-2017 жылдары – «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ-ның басқарма төрағасы.

2017-2019 жылдары – Президент Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі.

2019 жылғы 22 шілдеде Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

2014 жылы Құрмет грамотасымен марапатталған.