«Аңсаған сәби»: Атырауда екі жылда 34 сәби өмірге келді

Атырауда биыл «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша 233 квота бөлінген.

«Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында былтыр облыс бойынша 213 жұпқа, биыл 233 жұпқа квота бөлінген. Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев айтты. 

«Соңғы екі жылда жасанды жолмен облыста 34 сәби өмірге келіп отыр. Бедеулік бойынша облыста 1 345 отбасы есепте тұр. Сәби сүйе алмай жүрген отбасыларды қолдау жалғасады», – деді Жасұлан Бисембиев. 

Еске сала кетейік, «Аңсаған сәби» бағдарламасы Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2020 жылғы қыркүйекте қабылданған болатын. 

Баян ЖАНҰЗАҚОВА